Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағай су қоймасында 19 жастағы жігіт мерт болды

Опубликовано:

Алматы облсында 19 жастағы жігіт Қапшағай су қоймасына батып кетті. Алматылық колледждердің бірінің түлегі оқу бітіргенін атап өту үшін достарымен бірге Қапшағай демалысқа келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қапшағайдағы су қоймасында 19 жастағы жігіт батып кетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алматы облысы ТЖД ақпаратынша, қайғылы оқиға 24 маусым күні су қоймасының солтүстік жағалауындағы демалыс орындарының бірінде болған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ведомствода марқұм жас жігіт пен оның 5 досы катамаранға мініп, жағалаудан алыстағаны айтылды. Бір кезде олар жүзуге арналған құрылғыдан суға секіре бастаған.

Марқұм да достарының соңынан суға секірген, алайда қайта жүзіп шықпаған.

Жігіттің жансыз денесін сүңгуірлер 6 метр тереңдіктен тапқан.

Анықталғандай, жігіттердің барлығы колледж түлектері болып шыққан. Олар диплом алғанын атап өткен.

Сонымен қатар ТЖД катамаран секіру үшін арналмағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында суға толы шұңқырға шомылған екі жасөспірімнің бірі мерт болғанын хабарлаған едік.

Суға батып бара жатқан сәтте олар адамдарды көмекке шақыра бастаған. Көмекке келген оқиға куәгерлері қыз бен ұлдың біреуін ғана құтқара алған.

Анықталғандай, жасөспірімдер ересектердің қарауынсыз шомылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862254-kapsagaj-su-kojmasynda-19-zastagy-zigit-mert-boldy/

pixel