Выйти
RU

Ерлі-зайыптылар карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англиялық Октавия Чик пен оның күйеуі дәмханалар мен барлардың ашылуын күте күте шаршаған. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар карантиннің аяқталу уақытын болжамай, өздері көңіл көтеріп, демала алатын орынды ашуды жөн көріпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алды

Фото: bigpicture.ru

Октавияның сөзінше, олар бардың құрылысына бірнеше апта уақыттарын жұмсаған.

"Біз күйеуім екеуіміз жоба бойынша бірнеше апта еңбектендік. Нәтижесінде енді біздің аулада демалып, көңіл көтеретін орын бар", - дейді ол.
Ерлі-зайыптылар карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алды

Фото: bigpicture.ru

Келіншек жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына салып отырған.

Ерлі-зайыптылар карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алды

Фото: bigpicture.ru

Октавия мен оның күйеуі бардың құрылысына арнайы мамандарды араластырмай, оны өз қолдарымен жасап шығыпты.

Ерлі-зайыптылар карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алды

Фото: bigpicture.ru

Бардың стилі ағылшын барларының стиліне сәйкес келеді. Олар интерьерді де өздері ойлап тапқан.

Ерлі-зайыптылар карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алды

Фото: bigpicture.ru

Қос-ғашықтың жобасы желіде 21 000 лүпіл жинады. Алайда ең бастысы - енді Оливия мен оның күйеуі қалаған кезде үйінің ауласында орналасқан барға барып, демала алады және оларға ешқандай карантин бөгет бола алмайды.

Ерлі-зайыптылар карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алды

Фото: bigpicture.ru

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін карантин кезінде гаражын мейрамханаға айналдырған ерлі-зайыптылардың жұртты таңғалдырғаны туралы жазған едік.

37 жастағы Эми мен 49 жастағы Марк Кейси оқшаулану кезінде гаражды испаниялық стильдегі мейрамханаға айналдырған. Бөлмені одан әрі жандандыру үшін олар Испанияға барған кезде сатып алынған сувенирлерді қолданған. Қазір отбасы сол мейрамханада уақыт өткізіп, демалуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ерлі-зайыптылар карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алды