Выйти
RU

Елордада коронавирус инфекциясынан тағы жеті адам қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды. Қазіргі уақытта елімізде COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 147-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада көз жұмған марқұмдар 1961, 1941, 1959, 1946 және 1951 жылдары туған ер адамдар мен 1971, 1958 жылғы әйелдер.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша коронавирустан қайтыс болғандар тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы – 45 Алматы қаласы – 26 Шымкент қаласы – 13 Ақмола облысы – 13 Ақтөбе облысы – 1 Атырау облысы – 3 Шығыс Қазақстан облысы – 1 Жамбыл облысы – 1 Батыс Қазақстан облысы – 6 Қарағанды облысы – 10 Қостанай облысы – 3 Қызылорда облысы – 2 Маңғыстау облысы – 2 Павлодар облысы – 13 Түркістан облысы – 8

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавируспен ауырған 465 қазақстандық анықталған. Қазіргі таңда жалпы статистика бойынша елімізде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 19750-ге жетіп отыр.

Сонымен бірге 25 маусымда 338 адам коронавирустан жазылып шыққаны белгілі болды. Бүгінде еліміз бойынша COVID-19-дан айыққандар саны 12 220 адам.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі аптада әлемде коронавирус жұқтырғандар саны он миллионнан асатынын мәлімдеген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада коронавирус инфекциясынан тағы жеті адам қайтыс болды