Выйти
RU

Америкада жаңа штат құрылуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ конгресс өкілдерінің палатасы бүгін ел астанасының мәртебесі бойынша дауыс беру өткізбекші. Олар Вашингтонды 51-штатқа айналдыруды көздеп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Қазіргі уақытта Вашингтон әкімшілік тұрғыдан қарағанда Колумбия федералдық округі болып саналады және ешбір штаттың құрамына кірмейді.

Палата спикері Нэнси Пелосидің айтуынша, штаттың төмен дәрежеде болуы – "үлкен әділетсіздік".

"Біз демократиямызға қайшы келетін бұл әділетсіздікті түзетеміз", – деді ол.

Аталған бастаманы Пелосидің өзі мүше болып табылатын Демократиялық партияның конгрессмендері көтеріп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдағаны туралы жазғанбыз.

Сонымен қатар АҚШ президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті екенін жеткізген.

Трамп Қазақстандағы COVID-19 індетінің таралуына қарсы қабылдаған жедел шараларға да оң баға берген.

Содай-ақ Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, сәттілік пен игілік тілеген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Америкада жаңа штат құрылуы мүмкін