Выйти
RU

АҚШ штатындағы қара нәсілділерге маска тақпауға рұқсат етілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Орегон штатындағы Линкольн округінің әкімшілігі афроамерикалықтарға қоғамдық орындарда қорғаныс бетперделерін тақпауға рұқсат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ штатындағы қара нәсілділерге маска тақпауға рұқсат етілді

Фото: edition.cnn.com

Яғни, жергілікті биліктің пікірінше, афроамерикалықтар маска киюдің кесірінен "нәсілдік стереотиптер мен қысым көрсетуге байланысты қатты алаңдаулы" болса, коронавирус пандемиясының салдарын алдын алу үшін қабылданған ережені ұстанудың қажеті жоқ.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл нәсілшілдікке байланысты шешім, себебі округ тұрғындарының 90 пайызын ақ адамдар құрайды.

"Тарқатып айтсақ, баскиім киген, бетін маскамен жапқан қара нәсілді кез келген күдіктінің қылмыстық нобайына дәлме-дәл келеді", – дейді Огайо мемлекеттік университетінің экономика профессоры Логан.

Сонда да Линкольн округінің билігі тұрғындардың көпшілігінен COVID-19 пандемиясына байланысты қоғамдық орындарда, жабық орындарда немесе көшеде бетперде тағуды талап етеді.

Айта кету керек, тек қара нәсілді адамдар емес, латынамерикалықтар, мүмкіндігі шектеулі, тыныс алуы қиын адамдар және 12 жасқа дейінгі балалардың да маска тақпауына болады.

Еске сала кетсек, АҚШ конгресс өкілдерінің палатасы бүгін ел астанасының мәртебесі бойынша дауыс беру өткізбекші. Олар Вашингтонды 51-штатқа айналдыруды көздеп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ штатындағы қара нәсілділерге маска тақпауға рұқсат етілді