Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәм сезе бастадым": Ауырып қалған Жұлдыз Өмірғали қазіргі жағдайымен бөлісті

Опубликовано:

"КешYOU" тобы арқылы қалың көпшілікке танылған әнші Жұлдыз Өмірғали күні кеше қатты ауырып жатқанын хабарлап, барша жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Ол қызы екеуі бірнеше күн бойы өздерін нашар сезініп жүргенін айтты. Алайда, алған емінің арқасында өнер иесі бүгін жағдайы жақсарып қалғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жұлдыз Өмірғали сырқаттанып қалғанын айтқаннан кейін желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, жылы лебізді хаттарын жолдаған.

Күні кеше тиісті ем қабылдауды бастаған әнші бүгін Instagram парақшасы арқылы барша жанашыр жандармен байланысқа шығып, өзінің қазіргі жағдайымен бөліскен.

Айқын Төлепбергеннің жары денсаулығы дұрысталып келе жатқанын хабарлады. Оған қоса ол дәм сезе бастаған.

"Құрметті достар, тілектеріңізге үлкен рахмет. Шыны керек, бүгін өзімді жеңіл сезініп жатырмын. Кеше бірінші системамды алдым. Бүгін екінші күн. Көбісінің басынан осындай өтіп жатыр екен. Дәм мен иіс сезбейді екені. Менде де сол. Бірақ, бүгін дәм сезе бастадым. Бұйыртса, бәрі өз орнына келеді деп үміттенемін. Дене қызуым көтерілмеді осы уақытқа дейін. Бірақ, басым ауырды. Қатты ауырды. Екі күн бойы кәдімгідей жатып, қатты ауырдым. Дәрі ішкен соң қойды. Ең бастысы уайымдап, үреуге салынбаңыздар. Адамдар өздерін іштей жеп қояды. сол дұрыс емес. Жақсы ойда болыңыздар" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862276-dm-seze-bastadym-auyryp-kalgan-zldyz-mirgali-kazirgi-zagdajymen-blisti/

pixel