Выйти
RU

Қазақстан Үндістан, Чехия, Мысыр, Украина мен Германияға әуе қатынасын жаңдандырмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан 10-нан аса елмен әуе тасымалын жаңдандырмақ. Бұл туралы ОҚК-де өткен брифингте көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов хабарлады. Мемлекеттер санаттарға бөлінеді. Олардың кейбіріне бару үшін коронавирусты анықтайтын тесттен өтуге тура келеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Үндістан, Чехия, Мысыр, Украина мен Германияға әуе қатынасын жаңартпақ

Көрнекі фото: pixabay.com

Байғабұловтың хабарлауынша, 1-санаттағы елдер тізіміне Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия және Малайзия кіреді.

Бұған дейін бұл санатқа Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапония кірген. Енді аталған мемлекеттерге ұшатын не ұшып келген жолаушылар үшін ешқандай шектеулер жоқ.

Рұқсат етілген елдердің екінші санатына Мысыр, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан енді. Бұған дейін бұл санатта тек Түркия болған.

Бұл дерге сапар шегетін жолаушылар өзімен бірге коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның мерзімі 5 күнді құрайды) алып жүруі керек немесе жақын арадағы 2 күн ішінде COVID-19-ға тексеріліп үлгеруі керек.

Егер азамат ПТР тестін тапсырғысы келмесе, онда 14 күн үйде оқшаулануына тура келеді.

Айта кету керек, өзге елдерге әлі ұшуға рұқсат берілген жоқ. Шекаралық бақылау департаменті хабарлағандай, әуе тасымалын ашу мәселесі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды, әуе байланысын және басқа мемлекеттердің шекараларын ескере отырып шешілетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін 1 шілдеге жоспарланған Грузияға әуе сапарлары кейінге шегерілгенін хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан Үндістан, Чехия, Мысыр, Украина мен Германияға әуе қатынасын жаңдандырмақ