Выйти
RU

Елордада демалыс күндері тағы да шектеу шаралары енгізіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Демалыс күндері 27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда тағы да шектеу шаралары енгізіледі. Осыған орай қалада қоғамдық көліктер жүрмейді, халық көп жиналатын жерлер жабық болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Алдын алу шараларын өткізу мақсатында қоғамдық көлік демалыс күндері (27-28 маусым) жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жүргізіледі. 29 маусым күні қоғамдық көлік бұрынғы режимге оралады.
Сонымен қатар, барлық қоғамдық орындар: саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адамдар көп жиналатын орындар жабылады", - деп хабардар етті әкімдіктен.

Қазақпараттың мәліметінше, 27-28 маусым күндері елордада тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін.

Тағы да оқыңыздар

Шектеулі уақыт қойылады: Қарағанды облысында карантин күшейтілді

Одан бөлек, 27-28 маусымда дәріханалардың, көше форматындағы (жаздық) қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл ретте аталған нысандар қатаң санитариялық нормаларын сақтауы керек.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны жиырма мыңға жуықтаған.

Олардың 3613-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау мен Ақтөбе облысында осы демалыс күндері карантин шектеулері күшейетілетінін хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада демалыс күндері тағы да шектеу шаралары енгізіледі