Выйти
RU

Грузияға әуе сапарлары кейінге шегерілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Грузия үкіметінің қабылдаған шектеу шараларына байланысты Қазақстаннан аталған елге халықаралық әуе рейстерінің жандануы 2020 жылғы 1 тамызға шегеріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Бұған дейін отандық әуе компания 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Грузияға ұшуға жергілікті биліктен рұқсат алған болатын.

Алайда, 25 маусымда Грузияның азаматтық авиация агенттігі компанияға елде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық халықаралық рейстердің 2020 жылғы 1 тамызға дейін шегерілгені туралы жеделхат жолдаған.

"Эйр Астана" аталған рейстерге билет сатып алған жолаушыларға қолайсыздық туындағаны үшін өкініш білдіреді.

Кейінге шегерілген рейстердің жолаушылары:

  • өз билеттерін 2020 жылғы 1 тамыздан кейінгі мерзімге қайта брондай алады,
  • ұшу бағытын Ыстамбұл немесе Анталияға өзгерте алады (тариф айырмасын төлеген жағдайда).

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда халықаралық рейстер қашан ашылатынын жазғанбыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес елімізде 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Грузияға әуе сапарлары кейінге шегерілді