Выйти
RU

"Алла деп жазылған ба": Асхат Тарғын ерекше жазуы бар алма тауып алды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Асхат Тарғын үйіндегі алмалардың арасынан ерекше жазуы барын тауып алған. Әнші қолына түскен алмада араб тілінде "Алла" деген сөз жазылған болуы мүмкін екенін айтты. Өнер иесі бұл жайтпен бірден өзінің желідегі оқырмандарымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhat_targin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/askhat_targin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Асхат Тарғын "Алла" деген сөзге ұқсас жазуы бар алманың суреті мен видеосын Instagram парақшасында жариялап қойған. Желі қолданушылары әншінің тауып алған ерекше алмасына қатты таңғалып, оны "құдайдың құдыретіне" теңеген.

"Алла деп жазылғанба? Үйдегі алмалардың ішінен тауып алдым. Алла ұлық" , - деп жазған өнер иесі.

Көпшілік эстрада жұлдызы жариялаған алманы қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін жарыса білдіріп жатыр. Бірі оны жаратушының сыйы деп білсе, енді бірі алмада "Алла" сөзі жазылмағанын айтуда.

"Құдайдың құдыреті деген осы" , "Қандай керемет, жаратушының сыйы ғой", "Ғажап көрініс" ," Алла разы болсын" , "Әріптер сәйкес келмейді", "Мешітке имамға апарыңыз" , "Тамаша, ерекше алма тауыпсыз" , "Алла деген жазуға ұқсайды" , Иә, Алла деп жазылған" , - деп жазуда қалың көпшілік.

Тағы да оқыңыздар

"Ақша төле": Отандық блогер бүркітті "бизнес көзі" қылған азаматтарды сынға алды

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Диана Қырықбай құдайдан жігіт сұрап, видео түсіргені үшін сынға қалған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алла деп жазылған ба": Асхат Тарғын ерекше жазуы бар алма тауып алды (фото)