Выйти
RU

Қазақстан азаматтары қашан және қай елдерге шыға алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шекара қызметінің Шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте қазақстандықтар қашан және қандай елдерге шыға алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар қашан және қай елдерге шыға алады

Фото: Sebastian Condrea / Getty Images

Олег Фисенконың сөзінше, пандемия басталғалы құрылған алгоритмге сәйкес, қазақстандықтар елге кез келген мемлекеттен кез келген көлік құралымен кіре алады.

Карантин уақытында Қазақстанға 15 мың отандасымыз оралған. Бірақ, мемлекеттен шығуға тек жанұясымен қосылу мәселесі туындағанда ғана рұқсат етіледі. Жерлеу рәсімі мен емделуге байланысты елден шығу мәселесі жеке тәртіпте қаралады. Ал шетелдіктер елден еш кедергісіз шыға алады. Алайда, Қазақстанға қайта кіру үшін коронавирус инфекциясына тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетуі тиіс . Ал тест нәтижесі жоқ болған жағдайда, олар біздің елде 48 сағат ішінде ПТР-тест тапсыруға немесе екі апталық үй карантинінде жатуға міндеттеледі.

Жалпы, оның айтуынша, шекараларды ашу және азаматтардың жүріс-тұрысын бұрынғы қалыпқа келтіру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл ретте билік үш негізгі көрсеткішке: Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына, халықаралық әуе және теміржол хабарламаларын қайта іске қосудың ықтималдығына, сондай-ақ, қазақстандықтарға басқа елдердің шекарасын ашуына назар аударады. Мұндай жағдайда қазақстандықтар шығуды жоспарлаған елдің де эпиджағдайы есепке алынады.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Маманның ақпарынща, қазір жоғарыда алгоритмге сәйкес, Түркиямен әуе хабарламалары қалыпқа келді, Оңтүстік Кореяға рейстер жүзеге асырылуда.

Фисенко карантин кезінде шекарашылар елден 7 млн масканы, 20 мың респираторды, 3 мың қорғаныш киімін, 4 миллионға жуық медициналық қолғапты шығару фактілерінің жолын кескенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, жалған жүргізуші куәлігі бойынша мемлекеттік шекараны кесіп өтуге 22 әрекет, бөтен құжат бойынша шекараны кесіп өтуге 4 әрекет анықталған.

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабулов Ресеймен шекараны ашу мәселесі екі елде COVID-19 бойынша эпиджағдайдың тұрақтануына қарай кезең-кезеңмен шешілетінін хабарлады.

Қазір Ресей шекарасы жабық және ерекше жадайда жеке көлікпен ғана баруға болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан азаматтары қашан және қай елдерге шыға алады