Выйти
RU

Алматыда қайтыс болғандарды коронавирусқа тестілеу тоқтатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда қайтыс болғандардың барлығына коронавирус инфекциясына міндетті тестілеу тоқтатылды. Мегаполистің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің бұл шешімі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда қайтыс болғандарды коронавирусқа тестілеу тоқтатылды

Фото: pixabay.com

2020 жылдың 25 маусымында қаулыға қол қойылды және қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

9.04.2020 жылғы ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың "Азаматтар қайтыс болған жерге бару және COVID-19 күдігімен сынама алу туралы іс-қимылдарды мақұлдау туралы" хаттамасының жарамсыз деп танылғаны туралы хабарланды.

Бұл жағдайда медициналық ұйымдардың мекемесінен тыс жерде қайтыс болған адамдарға тесттер жасалмайды, ал коронавирус инфекциясы бар ауруханаларда жатқан науқастарға тесттер жасалады.

Сонымен бірге, полиция денені тексеріп, өлімнің себебі қылмыстық сипатта болған-болмағанын анықтауы керек, оның үстіне тәртіп сақшылары қорғаныс құралдарын пайдаланып жұмыс істеуі тиіс. Өлім фактісін оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы анықтап, тіркеуі керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда қайтыс болған адамдарды жақындары жерлей алмай отырғаны туралы жазған едік.

Кейбір азаматтар тіпті ақымын да қазып қойған. Алайда сот сараптамалық институты өкілдері көз жұмған адамдардың денесін бермеген. Мәселе "короновирустан қайтыс болмаған" деген анықтамада болып отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда қайтыс болғандарды коронавирусқа тестілеу тоқтатылды