Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да әкім мен әкім орынбасарының әйелдері ірі көлемдегі жер телімін алған

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында аудан шенеуніктерінің әйелдері ауыл шаруашылығы мұқтаждығына байланысты көп көлемдегі жер телімін алған. Бұл жағдай жер үшін өткізілген байқауда жеңіліп қалған кәсіпкерлердің ашуына тиген. БҚО прокуратурасы өткізген тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлерге жаза бекітілді. Алайда, Теректі әкімдігі ешқандай тәртіпбұзушылық болмады деп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Уральская неделя" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО-да әкім мен әкім орынбасарының әйелдері көп көлемдегі жер телімін алған
Көрнекі фото: pixabay. com: UGC

Осы жылдың мамыр айында облыстық прокуратура өз Facebook парақшасында жергілікті әкімдіктердің жер заңнамасын сақтау мәселесін зерделеу бойынша талдау жүргізілгенін мәлімдеді. Қадағалау органының қызметкерлері бірқатар заң бұзушылықтарды тапқан. Олардың ішінде Теректі ауданы әкімі орынбасарының әйелін байқауда жеңімпаз ретінде таныған жер комиссиясы болғаны да анықталды. Кейіннен оған 2400 гектар телім берілген.

Прокуратура бұл мүдделер қақтығысы екенін мойындаған. Осылайша, аудан әкімі орынбасары мен жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды. Кейіннен екіншісі мүлдем қызметінен босатылды делінген желідегі жазбада.

Басылым хабарлауынша, аталған жер телімі сол бойы мемлекеттік қорға қайтарылмаған.

Сондай-ақ, портал өткен жылы ауыл шаруашылығы телімін Теректі аудан әкімі алғанын хабарлады. Қос шенеуніктің ұстанымын журналистер біле алмады. Өйткені, әкім іссапарда болған, ал әкім орынбасары денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз болып, жұмысқа шықпаған.

Бұл мәселеге қатысты сұрақтарға аудан әкімі басшысының басқа орынбасары Армат Байғазиев жауап берді. Ол шенеуніктер жер телімдерін жұбайларына алып беру фактісі орын алмағанын айтты. Дегенмен, ол тәртіптік жаза қолданылғанын, кейіннен жер қатынастары бөлімінің басшысы өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді.

Армат Байғазиев мемлекеттік қызметкерлердің жұбайлары комиссия құрамына туыстары енбеген жағдайда заң бойынша жер үшін байқауға қатыса алатынын еске салды.

Себебі, шенеунік жанұясының мүшелеріне кәсіппен айналысуға тыйым салынбаған. Мысалы, Байғазиевтің айтуынша, әкім орынбасарының жары- көп уақыттан бері кәсіпкер. Оған телім заңды берілгендіктен, қайтарылмайды. Әкімдік өкілі қандай да бір шешімге келіспеген кәсіпкерлерге қайта тексеру үшін бақылау органдарына жүгіну қажеттігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862311-bko-da-kim-men-kim-orynbasaryny-jelderi-iri-klemdegi-zer-telimin-algan/

pixel