Выйти
RU

Күнбағыс майының қатерлі ісік тудыратыны анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік хирург-онколог Иван Карасев тазартылған күнбағыс майын пайдаланудан бас тартуға шақырды, себебі ол қатерлі ісік тудыра алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Александр Поготов

Фото: РИА Новости / Александр Поготов

Дәрігер майдың тазартылғаннан кейін гексан мен бензиннің әсеріне ұшырайтынын атап өтті. Айтуынша, оларды өнімнен толық шығарып тастау мүмкін емес. Бұған қоса, жоғары температураның әсерінен, мысалы, табада қуырған кезде май құрамында канцерогендік заттар пайда болады. Олар өнімдерге сіңіп, күнделікті ағзаға түседі.

"Тазартылған майдың құрамында транс майларының көп мөлшері бар, олар ағзада жиналып, уақыт өте келе әртүрлі аурулардың, соның ішінде қатерлі ісіктің дамуына соқтырады", – деп жазды Карасев өзінің Instagram парақшасында.

Ол күнбағыс майын зәйтүн майына алмастыруға кеңес берді. Себебі оның құрамында қатерлі ісіктің дамуын тежейтін антиоксиданттар көп.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ ғалымдары қай уақытта тамақтану адам ағзасына пайдалы болатындығын ғылыми түрде дәлелдеп берген болатын.

Ғалымдардың айтуынша, жұмысқа ешқашан тамақтанбай кетуге болмайды. Бұның ағзаға зиян екендігі айтылды.

Таңғы ас пен кешкі астың арасы қаншалықты ұзақ болса, соншалықты ағзаға пайдалы. Мұндай тамақтану режімі арықтауға әрі асқорыту жүйесін жақсартуға көмектеседі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Күнбағыс майының қатерлі ісік тудыратыны анықталды