Выйти
RU

Еліміздің бірнеше аймағында демалыс күндері күн суытады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 27 және 28 маусым күндері еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжам жасап отыр. Бірнеше аймақта дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Елімізде демалыс күндері күн суытады

Фото: pixabay.com

27 маусымда Қостанай облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде күшті дауыл тұрады. Найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деген болжам бар. 26-27 маусымда ауа температурасы түнде 3-11-ге дейін, күндіз 13-18-ге дейін төмендейді.

27-28 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында жауын жауады. Кей жерледе найзағай ойнап, бұршақ жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 27-28 маусымда температура түнде 2-10-ға дейін, күндіз 10-18-ге дейін төмендейді.

27-28 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді. 27-28 маусымда температура түнде 2-10-ға дейін, күндіз 10-18-ге дейін төмендейді.

27-28 маусымда Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерледе бұршақ жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 28 маусымда температура түнде 5-10-ға дейін, күндіз 10-18-ге дейін төмендейді.

Тағы да оқыңыздар

Түркістан облысында бір тәулікте екі бозбала суға кетіп, мерт болды

27-28 маусымда Қарағанды облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде күшті дауыл тұрады деген болжам бар. Найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді. 27-28 маусымда ауа температурасы күндіз 13-18-ге дейін төмендейді.

Еске салсақ, демалыс күндері 27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда тағы да шектеу шаралары енгізіледі. Осыған орай қалада қоғамдық көліктер жүрмейді, халық көп жиналатын жерлер жабық болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің бірнеше аймағында демалыс күндері күн суытады