Выйти
RU

Сауда орталықтары мен базар жабылады: Алматыда тағы да карантин күшейтілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Халық арасында коронавирус инфекциясының көптеп таралуына байланысты Алматыда демалыс күндері, яғни, 27- 28 маусымда қосымша шектеу шаралары енгізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда орталықтары мен базар жабылады: Алматыда демалыс күндері карантин қайта күшейтілмек

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда қосымша карантин шаралары 27 маусым сағат 00.00-ден бастап 29 маусым cағат 00.00-ге дейін күшіне енеді.

Қабылданған шешімге сәйкес бұл кезеңде коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары объектілердің қызметі тоқтатылады деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, ірі сауда желілері (азық түлік, азық түлік сатпайтын), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік сатпайтын, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері; қоғамдық тамақтану нысандары (ашық ауадағы нысандарды қоспағанда), фитнес-орталықтар жабық болады.

Базарлар өз қызметін 2020 жылдың 29 маусымында қайта жалғастыра алады. Қоғамдық көліктер де осы демалыста өз қызметін тоқтатады. Атап өтетін жайт, жоғарыда аталған нысандарда санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі.

"Қосымша шектеу шараларына байланысты азаматтарға қала бойынша қозғалысты шектеуді ескертеміз. Қауіп тобына кіретін адамдарға, әсіресе егде адамдарға үйде қалу керек. Эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікке тарту қарастырылған. Полиция қызметкерлері тарапынан адамдар көп жиналатын орындарда енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патруль күшейтіледі. Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1308 нөмірі бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауына жүгіне алады",- делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 27-28 маусымда Нұр-Сұлтанда тағы да шектеу шаралары енгізіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сауда орталықтары мен базар жабылады: Алматыда тағы да карантин күшейтілмек