Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалаулымдық ару ата-анасына Алматыдан зәулім үй сыйлады (фото, видео)

Опубликовано:

"Қалаулым" жобасы арқылы қалың көпшілікке танылған ару Жанерке Елшін өз ата-анасының асқақ арманын орындап, оларға зәулім үй сыйлады. Желі жұлдызы сіңлілерімен бірігіп, ата-анасын Павлодар қаласынан Алматыға көшірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Жанерке Елшін отбасы үшін аса маңызды сәтпен Instagram парақшасында өз оқырмандарымен бөліскен. "Қалаулым" бағдарламасында жолдасын жолықтырған ару ата-анасына үйдің кілтін табыстап жатқан видеосын ел назарына ұсынды.

"Аллаға сансыз шүкір Зәулім сарайдай үйлі болдық. Бұл күнге де жеттік-ау. Ата-анамыз осы уақытқа дейін бізді бағып-қағамыз деп тартқан бейнетінің зейнетін көрсе екен деп әр түн сайын Алладан тілеуші едім. Тілегіміз қабыл болды. «Ананың ақ сүтін Меккеге үш арқалап апарсаң да, ақта алмайсың,» - дейді. Перзенті ата-анасына қанша жақсылық жасаса да, парызын еш өтей алмаймыз. Сондықтан көрер қызықтары алда болсын. Біз Сіздерді әлі Меккеге апарайықш" , - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Жанерке Елшіннің туған сіңлісі Ақмарал да бұл қуанышты жаңалығын көпке жария еткен.

"Алла Тағалама мың да шүкір етеміз. Ата-анамыздың бір арманын орындадық. Павлодардан Алматыға қоныс аударып, ата-анамызға зәулім үй сыйладық. Үйімізде тек құт-береке, бірлік болсын, той болсын. Бәріңізге осындай қуаныш сыйлаймын, құттықтап қойсаңыздар да болады" , - деп жазды желі жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862366-kalaulymdyk-aru-ata-anasyna-almatydan-zulim-j-syjlady-foto-video/

pixel