Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вирустың бәсеңдейтін түрі жоқ": Алматыда әр демалыс сайын карантин бола ма

Опубликовано:

Алматы әкімдігі әр аптаның демалыс күндері карантин шараларын күшейте ме? Бұл сауалға Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Вирустың бәсеңдейтін түрі жоқ": Алматыда әр демалыс сайын карантин бола ма
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
«Шектеу шараларын бір-ақ рет енгіземіз деп үміттенген едік. Талдауға қарасақ, әлі де халық вирус жұқтырып жатыр. Жұқтыру қарқыны бәсеңдейтін түрі жоқ. Барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Егер келесі аптада вирус жұқтыру қарқыны бәсеңдесе, қатаң карантин шаралары қолға алынбайды», - деді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар ол автожуу, ТҚКС, үй жанындағы дүкендер, парктер мен скверлер, жазғы дәмхана алаңдары ашық болатынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін халық арасында коронавирус инфекциясының көптеп таралуына байланысты Алматыда демалыс күндері, яғни, 27- 28 маусымда қосымша шектеу шаралары енгізілетіні жөнінде хабарлаған едік.

Карантин шаралары 27 маусым сағат 00.00-ден бастап 29 маусым cағат 00.00-ге дейін күшіне енеді.

Қабылданған шешімге сәйкес бұл кезеңде коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары объектілердің қызметі тоқтатылады.

Атап айтқанда, ірі сауда желілері (азық-түлік, азық-түлік сатпайтын), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түлік сатпайтын, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері; қоғамдық тамақтану нысандары (ашық ауадағы нысандарды қоспағанда), фитнес-орталықтар жабық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862382-virusty-bsedejtin-tri-zok-almatyda-r-demalys-sajyn-karantin-bola-ma/

pixel