Выйти
RU

150 шақты қазақстандық Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсімен елге оралды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің көмегімен бүгін, 26 маусымда 150-ге жуық отандасымыз Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Петр Карандашов

Көрнекі фото: Петр Карандашов

Ресейдегі Қазақстан елшілігі дипломаттарының көмегімен Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағытындағы кезекті рейспен 147 отандасымыз елге оралды.

Жолаушылар тасымалын SCAT әуе компаниясы жүргізді деп жазды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін дәл осы бортпен Қазақстан астанасынан Мәскеуге 55 адам ұшып шыққан болатын. Олардың барлығы – Ресей азаматтары.

Сонымен қатар, Қазақстан елшілігі Ресейден елге оралуға ниет білдірген қазақстандықтармен жұмыс тәсілі өзгергенін еске салды.

Ведомствоның мәліметінше, енді мұндай рейстердің барлығы елшілік сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда алдын ала жарияланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов Қазақстанның 10-нан аса елмен әуе тасымалын жаңдандыруды жоспарлап отырғанын мәлім етті.

Аталған мемлекеттер санаттарға бөлінеді. Олардың кейбіріне бару үшін коронавирусты анықтайтын тесттен өтуге тура келеді.

1-санаттағы елдер тізіміне Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия және Малайзия кіреді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
150 шақты қазақстандық Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсімен елге оралды