Выйти
RU

Бурабайдағы орман өртін сөндіруге бір тәуліктен астам уақыт кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өрт сөндірушілер Бурабай ұлттық табиғи паркіндегі орман өртімен бір тәуліктен астам уақыт бойы күресті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Бурабай ұлттық паркінде өрт шыққаны туралы хабар 25 маусым күні таңертең Щучинск қаласының өрт сөндірушілер пультіне келіп түсті. Куәгерлер Бурабай ауданының Сарыбұлақ ауылындағы орманды алқапта түтін байқаған.

Оқиға орнына бірден өрт сөндірушілер жіберілді. Олар "Бурабай" МҰТП орман шаруашылығының 35-орамында өрт шыққанын анықтаған.

Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Тілсіз жау бір сағаттан кейін ауыздықталды. Алайда, өртті толығымен сөндіруге бір тәуліктен астам уақыт жұмсалған.

Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Нәтижесінде 2,8 гектар аумақты жалын шарпығаны анықталды. Өрттің пайда болу себебі әзірге белгісіз. Материалдық шығын есептелуде.

Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Фото: instagram.com/aqmola_tjd

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын еске салды. Ведомство өкілдері арнайы жағдай жасалмаған орындарда от жағуға болмайтынын ескертті.

Аталған ережелерді бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы ADK сауда орталығының маңында өрт шыққаны туралы хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бурабайдағы орман өртін сөндіруге бір тәуліктен астам уақыт кетті (фото)