Выйти
RU

Қазақстанда тағы үш адам коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 3 науқас көз жұмды. Жалпы, Қазақстан бойынша аталған індеттен қайтыс болған адамдар саны 150-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 1955 жылы дүниеге келген әйел адам және 1969 жылы туған ер азамат, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында 1959 жылы туған ер азамат көз жұмды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Жалпы, Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 150 адам қайтыс болды. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 45,

Алматы қаласында – 26,

Шымкент қаласында – 13,

Ақмола облысында – 13,

Ақтөбе облысында – 1,

Атырау облысында – 3,

Шығыс Қазақстан облысында – 2,

Жамбыл облысында – 1,

Батыс Қазақстан облысында – 6,

Қарағанды облысында – 10,

Қостанай облысында – 3,

Қызылорда облысында – 2,

Маңғыстау облысында – 2,

Павлодар облысында – 13,

Солтүстік Қазақстан облысында – 2,

Түркістан облысында – 8 адам вирустан көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанды коронавирус қаупі жоғары елдер қатарына қосқанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы үш адам коронавирустан көз жұмды