Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 988 адам анықталды

Опубликовано:

2020 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 988 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасушылардың саны 14548-ге жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1333 (+50) Алматы қаласы - 1495 (+83) Шымкент қаласы - 1244 (+87) Ақмола облысы - 480 (+52) Ақтөбе облысы - 482 (+22) Алматы облысы - 1062 (+89) Атырау облысы - 1804 (+72) Шығыс Қазақстан облысы - 503 (+51) Жамбыл облысы - 516 (+38) Батыс Қазақстан облысы - 940 (+102) Қарағанды облысы - 1975 (+136) Қостанай облысы - 368 (+31) Қызылорда облысы - 429 (+13) Маңғыстау облысы - 457 (+29) Павлодар облысы - 204 (+8) Солтүстік Қазақстан облысы - 553 (+73) Түркістан облысы - 703 (+52)

Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дерт жиырма мыңнан астам адамнан анықталды. Олардың 13 мыңға жуығы дертті жеңіп шықса, 150-і вирус салдарынан көз жұмған. Соңғы өлім жағдайлары Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862402-koronavirus-elimizde-bir-knde-auru-belgileri-zok-988-adam-anyktaldy/

pixel