RU

Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор.

Қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге табыс және бақ-береке тілеймін", - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862408-tokaev-zurnalisterdi-ksibi-merekesimen-kttyktady.html