Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлімге бет сипап отыр": Журналист карантинге қарамай той жасап жүргендерге үндеу жасады

Опубликовано:

Белгілі журналист Зәуре Зақанқызы карантинге қарамай той жасап жүргендерді сынның астына алды. Оның сөзінше, бұндай қадамға баратындар жақынын сыйламайтындар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Қайда қарасам да қамсыз халық. "Карантин, сақтаныңыздар" деп шырылдайтындар тек ФБ-да ғана отыратын сияқты. Шеңбер тарылып келе жатқанын байқау сонша қиын ба? Бір ай бұрын ғана "кәне, кім ауырды, көрсетші?" деп жүрген жұрт, енді, күнде бір өлімге бет сипап отыр.

Дәл қазір той-томалаққа шақырушылар қонағын, жақын-жуығын сыйламайтындар деп түсінемін.

  • "Не болса да тіреліп тұрған шаруамды шешіп алсам, баламды үйлендіріп, қызымды ұзатып алсам болды, ар жағы күл болмаса бүл болсын" деу.

Өз басым жаным ашитын жанның үйіне (жалпы ешкімнің) бармауға тырысып жүрмін. Есік қаласында, жарты сағатта зыр етіп жетіп баратын жерде анам жатқанына пәлен күн болса да ПЦР тестім "ауру белгісі жоқ" деп шыққан соң ғана барып амандастым. Жан құрбым инсульт алып ауруханадан шықты. Телефонмен көп сөйлесе алмайды, барып көңілін сұрауға дәтім бармай отыр. Зияным тиіп кете ме деп.

Ешкімге пайда әкелмесеңіздер де зиян шектірмеуге тырысыңыздаршы, ағайын", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін танымал айтыскер ақын Болатбек Мейірбекұлы "тойға мораторий жариялауға" қатысты пікірге өз ойын айтқан еді. Оның сөзінше, елдің дамуына қазақтың қуанышы кедергі емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862411-limge-bet-sipap-otyr-zurnalist-karantinge-karamaj-toj-zasap-zrgenderge-ndeu-zasady/

pixel