Выйти
RU

Белгілі заңгер Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатын қоқысқа тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі заңгер, президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің белсенді мүшесі Айгүл Орынбек байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Шымкент қаласы әкімінің қолынан алған алғыс хатын қоқыс жәшігіне лақтырып, өз әрекетін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Айгүл Орынбек

Фото: Facebook/Айгүл Орынбек

"Ақпарат майданында халықтың үнін жеткізу үшін, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуға барынша жүгіріп жүремін! Ешкімге міндетсінбегенмін жасаған істерім үшін, ешкімнен әрбір ісіме өтем ақы немесе алғыс сұрамағанмын!

Ең бастысы елімнің тыныштығы, халқымның амандығы деген ұранмен жүрдім! Халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, азаматтық көзі ашық қоғам құру ниетім еді! Ниетімнің, болашаққа деген үмітімнің күл талқанын шығардыңдар!

Тек мерекеде алғыс айтып, қалған уақытта адамға қоқыс ретінде қарап, шырылдатып үніңді тыңдамай жатқан әкімдіктен не үшін алғыс алуым керек?
  • “Қоғамға үлесіңізді қосып жатқаныңызды білеміз”- деп жазыпты, көрдім көріп отырғандарыңызды, іспен дәлелдедіңіздер!
“Дамыған мемлекетпіз, біз де бәрі керемет, біз біргеміз”- деп өтірік ұрандаудың керегі не, адам өмірін сақтап қалуға қолдан келгенін жасай алмай жатқан да?

Халық ештеңеге кінәлі емес! Мемлекет әрбір ауырған азаматының жағдайын жасауға міндетті!

Тағы да оқыңыздар

"Буынсыз адам" атанған талантты қазақ жігітінің қара жұмысқа салынғаны рас па

Халықты қоқысқа лақтырғандай лақтырып тастап жатқан кезеңде, сіздердің алғыс хаттарыңыздың да орны қоқыста!

Қаржылай сыйлықтарыңа рақмет, ауруханаға қосқан үлесім болсын! Бейшара елдің ауруханаларына дәрі-дәрмек алыңдар! Маған қарапайым халықтың алғысы жетеді!", - деді ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белгілі заңгер Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатын қоқысқа тастады