Выйти
RU

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 8 науқас көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 8 науқас көз жұмды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен қайтыс болғандардың саны 158-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Соңғы деректерге сәйкес, 1959, 1947, 1943, 1954 және 1955 жылдары туған ер азаматтар және 1976, 1942 және 1948 жылғы әйелдер көз жұмған.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша қайтыс болғандар тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы – 53

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 13

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Солтүстік Қазақстан облысы – 2

Түркістан облысы – 8

Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дерт жиырма мыңнан астам адамнан анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 8 науқас көз жұмды