Выйти
RU

Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік даталардың қатары Абай күнімен толықтырылған қаулының жобасын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото авторы: Максим Золотухин

Фото авторы: Максим Золотухин

Абай Құнанбайұылының күнін ақынның туған күні – 10 тамызда атап өту ұсынылған. Қаулының жобасы 13 шілдеге дейін талқыланбақ. Жобаны сілтемеге өтіп, көрсе болады.

Жоба "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" туралың заңның 4-бабына сәйкес әзірленген.

Айта кетейік, биыл 175 жылдығы өтіп жатқан Абай Құнанбайұлы - қазақ халқының өркендеуі үшін күрескен Ұлы ойшыл, көрнекті ақын, классикалық әдебиетінің негізін салушы. Әдебиетшінің шығармашылық мұрасы ұлттың рухани игілігіне айналды және қазақ халқының мәдениетін байытты. Абайдың өлеңдері бір жарым ғасыр бұрын жазылған, бірақ қазіргі әлемде де өзінің маңыздылығы мен өзектілігін жоғалтпады. Ұлы классиктің шығармалары әлемнің түпкір-түпкірінде мойындалды және көптеген тілдерге аударылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін