Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан нөсер жауын салдарынан тағы да "жүзіп" кетті (видео)

Опубликовано:

Синоптиктер бұған дейін ескерткен нөсер жауын Нұр-Сұлтан тұрғындарын әбігерге салды. Қала көшелері жаңбыр суына толып, елорда тағы да "Венецияға" айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ррррр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/astana_sergek_kz: UGC

Sputnik Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райының салдарымен күресу үшін 140 техника бірлігі жұмылдырылған.

Қаладағы бірнеше көшені су басып, 20 мың шаршы метр көлеміндегі жаңбыр суы арнайы техникамен сорылған.

Арық жүйелері нөсер жауынға дайын болмапты, өйткені олар бітеліп қалған. Коллекторларды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 2,5 тонна қоқыс шығарылды.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Көшелер мен аулаларды, және тұрғын үйлерді су басқаны туралы елорда тұрғындары түсірген видеороликтер желіде бірінен соң бірі жарияланып жатыр. Олар нөсер жаңбыр жауған сайын бұл жағдай қайталанатынын айтуда.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Айта кетерлігі, жақында синоптиктер дауылды ескерту жариялаған болатын. Штормовое предупреждение было объявлено накануне. Метеорологтар Алматы мен Нұр-Сұлтанда демалыс күндері жауын болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862439-nr-sltan-nser-zauyn-saldarynan-tagy-da-zzip-ketti-video/

pixel