Выйти
RU

"Екі науқас жедел жәрдем ішінде өлді": Елді шулатқан шымкенттік дәрігер кешірім сұрады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте жедел жәрдем көлігінің ішінде екі науқас қайтыс болғанын мәлімдеген дәрігер жұрттан кешірім сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Екі науқас жедел жәрдем ішінде өлді": Елді шулатқан шымкенттік дәрігер кешірім сұрады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Айта кетейік, желідегі парақшаларда жедел жәрдем дәрігері түсірген видео тараған еді, ол қаладағы ауруханалар ауыр хәлдегі науқастарды қабылдамай жатқанын айтып дабыл қақты.

Ал видеодан бірнеше жедел жәрдем көлігінің инфекциялық аурухананың алдында тұрғанын, ал ішінде науқастардың жатқанын көруге болады.

"Құрметті денсаулық сақтау министрлігі, мен Шымкент қаласы жедел жәрдемінің дәрігерімін. Ауыр хәлдегі науқасты әкелдім, ешбір стационар қабылдамай жатыр. Орын жоқ дейді. Енді не істеймін? Кеше біздің бригаданың көлігінде екі науқас көз жұмды, өйткені оларды қабылдамады. Үш сағат тұрдық. Қараңыздар, әнеки көлікте науқас жатыр. Осы жағдайға мән берсеңіздер. Мен енді кімге, қайда барарымды білмеймін", - дейді дәрігер.

Видеоны жедел жәрдем қызметкері Арман Хамзиннің түсіргені белгілі болып отыр.

Бүгін ол қала әкімінің брифингісіне келіп, өз әрекеті үшін кешірім сұрады, хабарлайды otyrar.kz.

"Сол сәтте паника басталды деп айта алмаймын, бірақ мен жедел жәрдемдегі науқас үшін қатты қорықтым. Күтіп отырған кезде, оның жағдайы нашарлап жатқанын көрген уақытта моральдық тұрғыда шаршайсың.

Тағы да оқыңыздар

Сұлтанқызы: Отбасымен вирус жұқтырған туысым "ауруханада орын жоқ" деп зар жылады

Осындай уақытта жазылған видео. Біршама уақыттан кейін мәселе шешілді, бізге стационардан хабарласып, науқастың жағдайы ауыр екені, бірақ оған көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Мен роликтің желіде тарап кеткенін қалаған жоқпын, оны өзім үшін түсірген едім. Дүрбелең тудырғаным үшін кешірім сұраймын", - деді Хамзин.

Ресми деректерге сүйенсек, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясынан 13 адам қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Екі науқас жедел жәрдем ішінде өлді": Елді шулатқан шымкенттік дәрігер кешірім сұрады