RU

Байқоңырға коронавируспен күресу үшін ресейлік дәрігерлер келді (фото)

COVID-19-бен күресу үшін Байқоңырға ресейлік федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің мамандары мінген "Роскосмос" корпорациясының арнайы борты келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

ррррр
Фото: roscosmos.ru: UGC

Осы рейспен жасанды тыныс алу аппараттары, екі мың жеке қорғаныс құралының жиынтығы және қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің федералдық медициналық-биологиялық агенттігі "Байқоңыр" кешенінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қажетті іс-шараларды қолға алып жатыр", - делінген хабарламада.
ррррр
Фото: roscosmos.ru: UGC

"Байқоңыр" кешенінде медициналық қызметті агентікке қарасты № 1 орталық медициналық-санитарлық бөлім көрсетеді.

"Медициналық ұйым жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек пен медициналық техникамен толыққанды қамтамсыз етілген. Сондай-ақ кадрлық құрам күшейтілді. Қазіргі уақытта орталық медициналық-санитарлық бөлімде алты инфекционист және сегіз анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
ррррр
Фото: roscosmos.ru: UGC

Бұған дейін Байқоңыр қаласында COVID-19 инфекциясының жаппай тарала басталуына байланысты алдын алу шараларының күшейтілгені хабарланған еді.

26 маусымдағы жағдай бойынша инфекциялық стационарда 60 адам емделіп жатыр, 28 пациент сауығып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862445-bajkoyrga-koronaviruspen-kresu-sin-resejlik-drigerler-keldi-foto.html