Выйти
RU

Елімізде COVID-19 белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар 15500-ден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылғы 27 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1025 тасымалдаушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

квиии

Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы мәліметтер бойынша ауру белгілерінсіз анықталған науқастар:

Нұр-Сұлтан қаласында - 1390 (+57) Алматы қаласында - 1523 (+28) Шымкент қаласында - 1300 (+56) Ақмола облысында - 540 (+60) Ақтөбе облысында - 503 (+21) Алматы облысында - 1130 (+68) Атырау облысында - 2005 (+201) Шығыс Қазақстан облысында - 545 (+42) Жамбыл облысында - 548 (+32) Батыс Қазақстан облысында - 1018 (+78) Қарағанды облысында - 2112 (+137) Қостанай облысында - 382 (+14) Қызылорда облысында - 458 (+29) Маңғыстау облысында - 502 (+45) Павлодар облысы - 242 (+38) Солтүстік Қазақстан облысында - 616 (+63) Түркістан облысында - 759 (+56)

Қазақстанда жалпы коронавирус белгілері жоқ тасымалдаушылар саны 15573-ке жетті.

СОсы күнге дейін елімізде қауіпті дертті 12 мыңнан астам науқас жеңіп шықса, 166-сы вирус салдарынан көз жұмған. Соңғы өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде COVID-19 белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар 15500-ден асты