Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда белгісіз біреу түрме ауласына бір пакет ұялы телефон лақтырған

Опубликовано:

Оралда РУ-170/3 мекемесінің ауласына белгісіз біреу ұялы телефондар мен олардың қуаттандырғыш құрылғысы және сим карталар лақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ррррр
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен дереу жасалған іс-қимылы арқасында түрме ауласына лақтырылған ірі көлемдегі тыйым салынған заттар тәркіленген.

Қарауыл бекетінің сақшысынан тыйым салынған аймақ тұсына белгісіз біреудің зат лақтырғаны туралы дабыл келіп түсіпті.

Дереу жеткен қарауыл және кезекші ауысым қызметкерлері түзеу мекемесінің аумағынан полимерлі қаптаманы тауып алады.

Оның ішіне 17 ұялы телефон, 19 дана қуаттандырғыш құрылғы, 55 дана сим карта және 1 дана жад картасы жасырылған болып шықты.

Қазіргі таңда ұялы телефондар тиісті органдарға беріліп, қызметтік тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Оралда жол қозғалысы ережелерін өрескел түрде бұзған патрульді полиция көлігіне қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталғаны туралы хабарлаған едік.

Оқиғаның видеосы Жемқорлыққа қарсы агенттік жанындағы арнай мониторингтік топ өкілі Мәлік Жұмағалиевтің парақшасында пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862470-oralda-belgisiz-bireu-trme-aulasyna-bir-paket-aly-telefon-laktyrgan/

pixel