Выйти
RU

"Әр азамат осылай істер еді": Ақтөбеде қызды зорлықшыдан құтқарған жауынгер марапатталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласындағы 6655-әскери бөлімінің әскери қызметкері, ефрейтор Андрей Петровқа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әр азамат осылай істер еді": Ақтөбеде қызды зорлықшыдан құтқарған жауынгер марапатталды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың атынан ведомствалық награданы 6655-әскери бөлім командирі, полковник Мирас Тұрдалин табыстады.

Полк командирі ефрейтор Петровқа адам өмірін құтқарудағы батылдығы мен сауатты іс-әрекеті, белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

"Ақтөбеде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерімен бірге күн сайын 150-ден астам Ұлттық ұлан жауынгері қала көшелеріне шығады. Олар түрлі жағдайда батыл шешім қабылдап, өз міндеттерін абыроймен орындап келеді. Соның жарқын мысалын Андрей Петров көрсетті. Қызметте емес, үйінде жүрсе де, көмекке шақырған адамды құтқара білді. Біз оның ерлігін жоғары бағалап, үлгі етеміз", -деді полковник Тұрдалин.

Өз кезегінде Андрей кез келген азамат осындай қадамға баратынын алға тартып, әрекетін ерлік деп санамайтынын айтты.

"Мен бала күннен әскери қызметші болуды армандадым. Мектепте спорт үйірмелеріне қатысып, еркін күреспен айналыстым, талай жүлде алдым. Өз әрекетімді ерлік деп бағаламаймын. Менің орнымда болған әр азамат осылай істер еді. Біз немқұрайлы болмасақ қана өз жанымызда жүрген адамдарға қолұшын соза аламыз", -деді ефрейтор Петров.

Тағы да оқыңыздар

Асхат Садырбай Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды (фото)

Бұдан бұрын жауынгердің батыл іс-қимылын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Сералиев бағалап, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырған.

Айта кетерлігі, бұған дейін Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерінің бойжеткенді сексуалдық зорлықтан құтқарғаны БАҚ беттерінде жазылған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әр азамат осылай істер еді": Ақтөбеде қызды зорлықшыдан құтқарған жауынгер марапатталды