Выйти
RU

Президентті ашуландырған: Тәжікстан қызметтегі қылмыстар үшін жазаны күшейтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның төменгі палатасы қызметте жасалған қылмыстар үшін берілетін жазаны күшейтті. Енді қызмет бабын асыра пайдаланған, міндетті салық пен төлемді азайтып көрсеткен мемлекеттік қызметкер ірі көлемде айыппұл төлейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сentralasianorg қызметіне сілтеме жасап.

ррррр

Көрнекі фото: pixabay.com

Бір жыл бұрын президент Эмомали Рахмон қаржы, банк, кеден және салық қызметтерінің қызметкерлерімен кездесуде олардың жұмысын сынаған.

Сол жиналыста Рахмон кеден басшысы Шахбоз Раджабзоданы сұрақтың астына алыпты. Раджабзода президентке екі мәрте өтірік айтып, мемлекет басшысын одан сайын ашуландырған көрінеді.

Жаңа заңға сәйкес, кеден және салық төлемдерін өзгертіп көрсеткендер 5800-11600 сомони ($580-$1160) аралығында айыппұл төлейді. Әріптестерінің қылмысын жасырған шенеуніктер де жазаланады.

Халықаралық экономикалық форумның жыл басында жариялаған рейтингінде Тәжікстан жемқорлық жайлаған жиырма елдің қатарында тұр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Тәжікстанда құқық қорғаушылар көшеде медициналық маскасыз жүрген жастарды тоқтатқаны туралы жазған едік.

Тәртіп сақшылары оларды милиция учаскесіне апармаған, бірақ эпидемия кезінде маскасыз көшеге шығуға болмайтынын түсіндірген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президентті ашуландырған: Тәжікстан қызметтегі қылмыстар үшін жазаны күшейтті