Выйти
RU

Қырғыз үкіметі аппаратының 26 қызметкерінен коронавирус табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғыз Үкіметі аппараты қызметкерлері арасында COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін сараптама жүргізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Қырғыз үкіметі аппаратының 26 қызметкерінен коронавирус табылды

Көрнекі фото: NUR.KZ

«Сараптама қорытындысында 26 қызметкерден коронавирус инфекциясы табылып отыр. Осыдан екі күн бұрын 11 адамнан вирус табылған еді. COVID-19-ға қайта жасалған сараптама барысында вирус тағы 15 қызметкерден табылды.
Олардың арасында премьер-министрдің кеңесшілерінің бірі Артем Новиков пен Үкімет басшысының көмекшісі бар. Үкімет аппаратының жетекшісі - министр Таалайбек Темірәлиев байланыста болған адам ретінде қазіргі уақытта оқшауланған», - делінген таратылған ақпаратта.

Санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар алгоритміне сәйкес, олардың барлығы да үй карантиніне жіберіліп, тиісті ем алуда. Олардың басым бөлігінде ауру симптомсыз өтіп жатыр.

Вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да анықталған.

Қырғыз Республикасы Үкіметі аппараты қызметкерлерінің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуін жалғастырады.

Бұған дейін Қырғыз президенті аппаратының 17 қызметкерінен және мемлекет басшысы аппаратының жетекшісі Досалы Эсеналиевтен коронавирус табылғаны хабарланған.

27 маусым күні Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың 309 жағдайы тіркелген. Бүгінге дейін бұл елде COVID-19-бен 4 513 адам ауырғаны анықталған.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Оның ішінде 2 212 адам жазылып, ауруханалардан шығарылса, қаза тапқандардың саны 46 адамға жетіп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғыз үкіметі аппаратының 26 қызметкерінен коронавирус табылды