RU

Тағы 7 адам мерт болды: Елімізде коронавирус құрбандарының саны 173-ке жетті

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 7 науқас көз жұмды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен қайтыс болғандар саны 173-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы 7 адам мерт болды: Елімізде коронавирус құрбандарының саны 173-ке жетті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматы облысында - 1942 жылы туған азамат, Қарағанды облысында - 1970, 1957 және 1940 жылдары туған ер азаматтар, Шымкент қаласында - 1972 жылы дүниеге келген ер адам, Ақтөбе облысында - 1960 және 1950 жылдары дүниеге келген ер адамдар көз жұмған.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша қауіпті вирус салдарынан барлығы 173 адам қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетсек, 27 маусымдағы жағдай бойынша елімізде тағы 461 адамнан коронавирус анықталғаны туралы жазған едік.

Қазақстанда бүгінгі таңға дейін COVID-19-бен ауырғандар саны 20780-ге жетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862482-tagy-7-adam-mert-boldy-elimizde-koronavirus-krbandaryny-sany-173-ke-zetti.html