Выйти
RU

"Қой бақсам ба деп ойлап жүрмін": Еліміздегі атақты асаба алдағы жоспарымен бөлісті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде карантин кезінде көп зардап шеккендердің бірі - той саласы. Коронавирусқа байланысты қазіргі жағдайды ескерсек, алда не болары да белгісіз. Осы орайда еліміздегі атақты асаба Нұртілек өз ойын білдіріп, алдағы жоспарлары туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ жайық газетіне сілтеме жасап.

Фото: Нұртілек асабаның жеке парақшасы

Фото: Нұртілек асабаның жеке парақшасы

Нұртілек наурыз айында төтенше жағдай жарияланған кезде жылдың соңына дейін бірқатар тапсырыс алып қойғанын, жоспарының бәрі орындалмай қалғанын жеткізді.

"Алғашында той тоқтап қалғанда, қиналдық. Бірақ оған да үйренуге болады екен. Мені көбі аптасына 2-3 тойға шығады, ақшасы көп деп ойлайды. Бірақ олай  емес. Мен де көп балалы әкемін. Басымда үш несием бар, - деді атыраулық асаба.

О той иелерінен алдын ала алған авансын қайтаруға мәжбүр болғанын жасырған жоұ.

"Әрқайсысынан кем дегенде 20-30 мың теңге алдын ала төлем алып қойғанмын. Оның барлығын бір мезгілде қайтарып беруге мүмкіндігім болмады. Ақшасын бірінші болып сұрағандарға қайтаруға тырыстым. Тойларын айдан айға шегеріп, соңында той болмайды деп ақшасын сұрағандарға жағдайды түсіндіріп, кешірім сұраудан басқа амалым болмады", - деді өнер азаматы.

Тағы да оқыңыздар

"Жылағың келеді": Ақтаудағы саябақта күймеге жегілген ат есінен танып қалды (фото, видео)

Нұртілек төтенше жағдай кезінде немен айналысқанына да тоқталды.

"Үйге жөндеу жасап, ауылға анамның қасына барып келдім. Бұрын күйбең тірліктен қол тимей көптеген жақындарымыздың жағдайынан хабарсыз қалған екенбіз. Карантиннің тиімді жағы сол болды", - деді ол.

Асабаның сөзінше, қазіргі уақытта той толықтай тоқтамаған.

"Арасында палаткадағы, кейде үй ішіндегі қонақтықтарға барып жүрмін. Шақырған жерге қалтама антисептик салып, бетпердемен барамын. Денсаулық өзің үшін керек", - деді атыраулық азамат.

Өнерлі жігіт жағдай осылай жалғасса, не істейтінін де айтып берді.

"Кейбір әріптестерім диплом бойынша жұмыс қарастырып кетті, менде диплом да жоқ. Қазіргі жағдай ұзаққа созылса, ауылға барып қой бақсам ба деп ойлап отырмын", - деді Нұртіліек.

Еске сала кетсек, осыған дейін танымал айтыскер ақын Болатбек Мейірбекұлы "тойға мораторий жариялауға" қатысты пікірге өз ойын айтқан еді. Оның сөзінше, елдің дамуына қазақтың қуанышы кедергі емес.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қой бақсам ба деп ойлап жүрмін": Еліміздегі атақты асаба алдағы жоспарымен бөлісті