RU

Елімізде коронавирус індетінен тағы 5 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы бес адам көз жұмды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен қайтыс болғандардың саны 178-гн жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Соңғы деректерге сәйкес, Атырау облысында 1939 жылы туған ер азамат пен 1943, 1960 жылғы әйел адамдар, Түркістан облысында 1949 жылғы ер азамат, Шығыс Қазақстан облысында 1963 жылғы ер адам Covid-19 салдарынан көз жұмды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша қайтыс болғандар тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы – 61

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 14

Ақмола облысы – 13

Ақтөбе облысы – 3

Алматы облысы – 1

Атырау облысы – 6

Шығыс Қазақстан облысы – 3

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 13

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Солтүстік Қазақстан облысы – 2

Түркістан облысы – 9

Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дерт жиырма мыңнан астам адамнан анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862517-elimizde-koronavirus-indetinen-tagy-5-adam-kajtys-boldy.html