Выйти
RU

21327-ге жетті: Қазақстанда тағы 547 адамнан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен тәулікте тағы 547 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 21327-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"28 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы - 56, Алматы қаласы - 40, Шымкент қаласы - 16, Ақмола облысы - 23, Ақтөбе облысы - 28, Алматы облысы - 19, Атырау облысы - 22, Шығыс Қазақстан облысы - 47, Жамбыл облысы - 10, Батыс Қазақстан облысы - 44, Қарағанды облысы - 48, Қостанай облысы - 8, Қызылорда облысы - 8, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы - 44, Солтүстік Қазақстан облысы - 19, Түркістан облысында - 24 коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша өсім 2,6 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дертті 13 мыңға жуық науқас жеңіп шықса, 178-i вирус салдарынан көз жұмған. Соңғы өлім жағдайлары Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысында тіркелді.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
21327-ге жетті: Қазақстанда тағы 547 адамнан коронавирус анықталды