RU

Павлодар облысында бір күнде 367 адамның өкпесі қабынғаны белгілі болды

Павлодар облысында өткен тәулікте 263 науқас ауруханаға түсіп, 135-і жазылып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ррррр
Көрнекі фото: piхabay.com: Getty Images

Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«28 маусым, таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысының барлық стационарында 2188 адам ем алып жатыр.

Олардың ішінде 1412 науқас - пневмониямен, 159-ы - ЖРВИ-мен ауруханаға жатқызылған.

Өткен сенбіде амбулаторлық емдеуге 823 науқас алынып, 158 адам шығарылды.

Жалпы, емханалар бақылауында және амбулаториялық емдеуде 3365 адам бар», - дейді басқарма өкілі.

Айта кетерлігі, бүгіннен бастап Павлодар темір жол ауруханасында 100 провизорлық орын ашылады. Осылайша, өңірде провизорлық төсек-орын саны 1852-ге дейін өсті.

  • Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 21327-ге жетті.

Өткен тәулікте тағы 547 адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды.

Қауіпті дертті елімізде 13 мыңға жуық науқас жеңіп шықса, 178-i вирус салдарынан көз жұмған. Соңғы өлім жағдайлары Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысында тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862527-pavlodar-oblysynda-bir-knde-367-adamny-kpesi-kabyngany-belgili-boldy.html