Выйти
RU

Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 1066 адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылғы 28 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1066 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасушылардың саны 16639-ға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1455 (+65) Алматы қаласы - 1537 (+14) Шымкент қаласы - 1381 (+81) Ақмола облысы - 596 (+56) Ақтөбе облысы - 584 (+81) Алматы облысы - 1193 (+63) Атырау облысы - 2153 (+148) Шығыс Қазақстан облысы - 586 (+41) Жамбыл облысы - 618 (+70) Батыс Қазақстан облысы - 1071 (+53) Қарағанды облысы - 2239 (+127) Қостанай облысы - 389 (+7) Қызылорда облысы - 488 (+30) Маңғыстау облысы - 543 (+41) Павлодар облысы - 303 (+61) Солтүстік Қазақстан облысы - 715 (+99) Түркістан облысы - 788 (+29)

Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дерт жиырма бір мыңнан астам адамнан анықталды. Олардың 13 мыңға жуығы дертті жеңіп шықса, 178-і вирус салдарынан көз жұмған. Соңғы өлім жағдайлары Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тіркелген.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 1066 адам тіркелді