Выйти
RU

"Түріктер ренжіді": Анталияға демалуға барған Қазақстан азаматтарынан COVID-19 табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

21 маусымда ұзақ уақыт карантиннен кейін Алматы-Анталия бағыты бойынша алғашқы қазақстандық рейс ұшты. Алайда демалысқа аттанғандар арасынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Хабар 24 телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, төрт адамнан Covid-19 вирусы анықталған.

Қазіргі кезде олар Анталиядағы қалалық ауруханада жатыр. Қалған жолаушылар оқшауланды. 

Осы орайда Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы отандастарымызды пандемия кезінде шетелге шығуға жауапкершілікпен қарауға шақырған. 

"Түрік жағалауына келгеннен кейін қазақстандық туристердің дене қызуын өлшейді. Егер дене қызуы 37-38 градустан жоғары болса туристер коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтеді. Одан кейін диагноз расталса, оларды ауруханаға немесе жағдайы қанағаттанарлық болса өзін-өзі оқшаулауға жібереді. Анталияда аурухана жеткілікті, шамамен 18 емхана бар. Алайда туристер денсаулығын қадағалап отыруы керек", - деді ол.

Ал Түркияда тұратын Қазақстан азаматы Меруерт Райымбекованың сөзінше, ауруханаға түскен азаматтардың ішінде алтауының жағдайы ауыр деп жазады Azattyq Rýhy.

"Анталияда тұрамын, демалыс аймағында. Карантин тәртібін жергілікті тұрғындар қатаң сақтайды. Соған сәйкес, инфекцияның таралуы тоқтаған болатын. Қазақстаннан демалуға келгендер ауруханаға түсті, алты адамның жағдайы ауыр деп хабарлады.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Олардан Covid-19 анықталып, бірден қалалық инфекциялық аруханаға жатқызылған. Жергілікті тұрғындар арасында қазақстандық туристерден вирус анықталғаны туралы ақпарат тарады. Неге олар карантин екенін біле тұра, ескертуді елемеген, оларды қалайша тексермей ұшаққа отырғызған", - деді қазақ қызы.

Анадолы еліне қоныс аударған жерлесіміздің сөзінше, демалушылардың арасында  қазақстандықтардың қарасы өте көп.

Анталияның Кемер демалыс аймағы күшейтілген режимге қайта көшкен.

"Екі күн болды үйден шықпай жатқанымызға, жүруге тыйым салды. Курорт ашық. Қазақтар короновирус алып келді деп түріктер маған ренжіп, көз алартып қарайды. Менен "сен оларды танисың ба?" деп сұрайды. Мен Қазақстан үлкен екенін, туристерді танымайтынымды айттым, қорқып үйде жатырмын. Ресми хабар таратқан соң жергілікті халықтың арасында шу болды", - деді Райымбекова.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес елімізде 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Түріктер ренжіді": Анталияға демалуға барған Қазақстан азаматтарынан COVID-19 табылды