Выйти
RU

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының тұрақсыз болуына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Көкшетау қаласында да найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей аумағында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтілуде. Сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Синоптиктер Қарағанды қаласында да ауа райы құбылмалы болатынын ескертті. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. 29 маусымда күні бойы кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ түсуі мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп болжанды. Петропавл қаласында да дәл осындай ауа райы күтіледі.

Ақтөбе облысының кей бөлігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні кей секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басты (видео)

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады деп күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды деп болжанды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ауа райы: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды