Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан тағы бес адам қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус дертінен тағы бес науқас көз жұмды. Осылайша, елде COVID-19 құрбанына айналғандар саны 183-ке жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда коронавирустан тағы бес адам қайтыс болды

Көрнекі фото: azh.kz

Марқұмдар елдің бес өңірінде тіркелді.

Атап айтқанда, Батыс-Қазақстан облысында - 1952 жылы туған әйел адам; ⠀ Маңғыстау облысында - 1942 жылы туған әйел адам; ⠀ Ақмола облысында - 1967 жылы туған ер азамат; ⠀ Шығыс-Қазақстан облысында - 1958 жылы туған ер азамат; ⠀ Ақтөбе облысында - 1962 жылы туған әйел адам ⠀ Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекцияcынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдаған.

Қазақстан бойынша барлығы 183 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, әлемде COVID-19 жұқтырған науқастар саны 10 миллионнан асты. Эпидемия басталғалы бері 500 мыңнан астам адам осы дерттен қайтыс болған.

Әлемде науқастар саны бойынша АҚШ бірінші орында тұр. Мұнда 2,5 миллион адамнан коронавирус табылып, 128 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Екінші орында тұрған Бразилияда 1 миллион 300 мың адамға COVID-19 инфекциясы жұғып, 57 мыңнан астамы көз жұмған.

Үшінші орынға жайғасқан Ресейде 634 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылыпты. Төрт айға жуық уақыттан бері 9 мыңнан астам науқас қайтыс болған. Өткен тәулікте 6 791 адамнан вирус табылып, 104 науқас қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан тағы бес адам қайтыс болды