Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық болмаса кімге керекпіз": Қазақ жазушысы індетке байланысты Тоқаевқа ұсыныс айтты

Опубликовано:

Жазушы Құлбек Ергөбек ел ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты мемлекет басшысына өз ұсынысын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Instagram

Ел ағасының аманатын Есболат Айдабосын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Мәртебелі Президент! Қасымжомарт Кемелұлы! Үкіметке, денсаулық сақтау министріне індетке байланысты жедел тапсырма бергеніңізді естіп, қуанып отырмын! 30 жыл Алматыда, 30 жыл Түркістанда тұрамын. Бұл күндері айналам түгел сырқат! Өзім 10 күннен бері басымды көтергенім осы!

Індет кетіп барады. Ешкімді кінәлағың келмейді. Тек халықты аман алып қалуды ойлау керек! Ресми шешім шығарылар. Бірақ ел ішінде жасайтын жазушы ретінде мынадай ұсыныс айтамын:

1. Елдегі мемлекеттік, жекеменшік медициналық оқу орындарынының ғимараттарын жедел ауруханаға айналдыру керек. Оларда медтехника бар азды-көпті.

2. Шипажайларды меншік иесіне қарамай, жедел жәрдем ауруханасына айналдырған жөн. Оларда да азды көпті медицина жабдықтары бар.

3. Қонақ үйлерді ауруханаға айналдыру керек.

4. Әскери госпитальдар ауруханаға айналмаса болмайды.

5. Медицина саласының ардагерлерін түгел жедел жұмылдыру.

6. Демалыстағы студенттерді ауыл-ауылда, ауданда фельдшер ретінде

жұмысқа жедел қосу, үстеме ақы төлеу жөн.

7. Аптекалардың жанынан жедел ем қабылдайтын пункт ашылғаны жөн.

8. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Бағасын бақылау!

9. Жедел жәрдем көлігі сан есе артсын!

Ауруханада орын жоқ. Жұрт үйінде емделуде. Амал жоқ. Етек алып кетпеу үшін осыны ұйымдастыру шарт! Айтылған шаралар ең алдымен ауруды оңашалау. Сосын алғашқы жәрдем. Аурудың таралмауына тосқауыл!

Дәрігерлік жылжымалы топ дайындалса! Өзім өліп қалады екенмін деп қорықпаймын. Халқым қырылып қала ма деп қорқамын. Халық болмаса Сіз де, біз де кімге керекпіз? Халықтан артық жаным жоқ!

Соңғы 30 жылда халық арасында өмір сүріп келе жатқан жазушы ретінде осы ащы мәселелерді айтпасыма болмады. Ұсынысым Үкіметтің жедел шешімінде ескерілсе деймін! Алла разы болсын!", - деді жазушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862556-halyk-bolmasa-kimge-kerekpiz-kazak-zazusysy-indetke-bajlanysty-tokaevka-synys-ajtty/

pixel