Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елдер жақынын жерлеп жатыр": Асхат Садырбай тойшыл қауымды сынап тастады

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай карантин режиміне қарамастан, тығылып той жасап жүрген отандастарына ашуланып шықты. Ақпарат өкілі тойшыл қауымның қауіпті вируске деген немқұрайлы көзқарасын сынға алып, оларды орнына қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Садырбай Instagram желісінде соңғы уақытта көп қызу талқыланып жатқан тақырып аясында жазба жариялады. Ол карантин талаптарын бұзып, індеттен адамдар қайтыс болып жатса да той ұйымдастырып жұргендерге шүйлікті.

"Мына жақта жұрт жақынын жерлеп жатыр. Мына жақта адамдар той істеп жатыр. Әлемде, жер бетінде, оның ішінде біз де бармыз, 100 жылда бір келетін эпидемия, індет! Соғыстың жаңа түрі жүріп жатыр! Мынау адамдарды қалай оятуға болады? Вирус-майдандағы оқ сияқты жаңбырша жауып жатыр. Жас, кәрі, бала-шаға таңдап жатқан жоқ! Неге түсінгілеріңіз келмейді? Сіздердің беталды жүрістеріңіз басқа біреуді өлтіріп жатыр ғой! Той жасама, тойға барма" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Асхат Садырбай жергілікті билік өкілдеріне үндеу жасап, қауіпті індеттен емделу шараларын қолға алуды ұсынды. Оның айтуынша, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай күн санап ушығып, науқастар мен өлімдер саны артыпжатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862557-elder-zakynyn-zerlep-zatyr-ashat-sadyrbaj-tojsyl-kauymdy-synap-tastady/

pixel