Выйти
RU

Түркістан облысында ережесіз кортеж ұйымдастырған жігіттер жазаланды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде жол бойында келе жатқан бірнеше көліктің кортежі түсірілген видео пайда болды. Олардың кейбіреулері жол бойын кесе көлденең қиып, шимайлай жүрген. Мұның бәрі музыкалық сүйемелдеумен болды. Түркістан облысының полиция басқармасы бейнероликтің басты "кейіпкерлерін" тауып, жауапкершілікке тартылғанын хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооооооооо

Полицияның мәліметінше, видео әлеуметтік желіlе жарияланғаннан кейін тәртіп сақшылары тексеруді бастады, деп жазады Otyrar.kz.

Видео Төле би ауданында түсірілгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары жол бойында кортеж жүргізушілерін тапты. Бұл Шымкенттегі колледждің студенттері екені белгілі болды. Сол күні олар Төле биден Қазығұрт ауданына бара жатқан.

"Мерседес" маркалы екі неміс автомобильдерінің, сондай-ақ ресейлік "Лада" және "ВАЗ" көліктері анықталды. Неміс автокөліктерін жүргізген жігіттер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша – жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзғаны, сондай-ақ белгілерді сақтамағаны үшін жауапқа тартылды. Ресейлік көліктердің жүргізушілеріне қатысты да шаралар қабылданады, ал олардың темір тұлпарлары арнайы тұраққа қойылады.

Тағы да оқыңыздар

Ақтауда карантин кезінде жағажайда жаппай демалып жүрген жұрт видеоға түсіп қалды

Полиция азаматтарға жолда жүрудің белгіленген ережелерін сақтауға және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін карантинді бұзбауға шақырды.

Еске салсақ, оңтүстік астанадағы Сайын-Төле би көшелерінің қиылысында әйелді жеңіл көлік қағып, жаяу жүргінші қайтыс болған еді. Оқиға жерасты өткелінің жанында болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында ережесіз кортеж ұйымдастырған жігіттер жазаланды (видео)