Выйти
RU

Алмас Кішкенбаев: Семірсек те сүйісетін адам табылады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев желідегі оқырмандарын ашық әңгімеге тартып, қызу талқыға түсті. Ол сүйісіп тұрған жандардың видеосын жариялап, оның астында екі ойлы жазба қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/a.kishkenbaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/a.kishkenbaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өнер иесі Instagram парақшасында жан сырын ақтарып, көптен бері айта алмай жүрген ойымен бөліскен.

Ол адамды келбетіне қарап сынау дұрыс емес екенін айтып, жазбасы арқылы өзінің ішкі ойын жеткізді.

Кішкенбаевтың пікірінше, адам баласы қаншалықты толық немесе мінсіз болса да, онымен сүйісетін жан табылады.

"Бұл сүйіскенге байланысты пост емес. Бәріміз сүйеміз ғой. Менің айтайын дегенім, халық алдында жүргеннен кейін шектен тыс мінсіз болып көрінгің келе береді. Себебі сені көрермендер, тыңдармандарың солай қабылдағысы келеді.
Дегенмен кез келген адамның бұзықтығы бар ғой. Ешкім мінсіз емес. Семірсек те сүйісетін адам табылады. Бұзық болсаң да табылады. Өтірік мінсіз болсаң да бар. Неге ендеше өзіңмен өзің ашық болмасқа? Осы постты он өшіріп, он рет жаздым ұялғанымнан" , - деп жазды Алмас Кішкенбаев.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Айта кетейік, бұған дейін Алмас Кішкенбаев бұрынғы әйелі туралы бар шындықты айтқан болатын. Әншінің сөзінше, бүгінде оның өз өмірі бар. Алайда, ерлі-зайыптылар қыздары үшін көрісіп, сөйлесіп тұрады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алмас Кішкенбаев: Семірсек те сүйісетін адам табылады (видео)