Выйти
RU

Алматыда 100 адам жиналған той болды: Ресторан басшылығы жауапқа тартыла ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда санитарлық талаптарды сақтамағаны және карантин кезінде көп адам жинап, банкет өткізгені үшін "Достлук" кафесінің қызметі тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы оңтүстік астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: әлеуметтік желілерден алынды

Фото: әлеуметтік желілерден алынды

27 маусымда санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша мобильді топ сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін нысандарды аралап шыққан.

"Тексеру кезінде санитарлық нормаларды елемейтін нысандар табылды. Атап айтқанда, "Достлук" кафесі. Кафе аумағында өрескел тәртіп бұзушылықтар анықталды, онда көп 100 адамға арналған іс-шара өткен. Осыған байланысты мекеменің иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, іс-шара сол мезетте тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Эпидемиологтар іс-шараның қонақтарымен қашықтықты сақтау және үй ішінде көп жиналудың алдын алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

"COVID-19 - бұл ауа тамшыларымен берілетін жұқпалы вирус. Жабық ғимарат және адамдардың көптеп жиналуы вирустың таралуына қолайлы жағдай жасайды", - деді әкімдік.

Анықталған тәртіп бұзушылықтарға байланысты кафенің жұмысы тоқтатылды. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау Департаментінің мамандары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасап, іс сотқа жіберілді.

Еске сала кетсек, осыған дейін отандық танымал журналист Асхат Садырбай карантин режиміне қарамастан, тығылып той жасап жүрген отандастарына ренішін білдірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 100 адам жиналған той болды: Ресторан басшылығы жауапқа тартыла ма