Выйти
RU

"Доғарыңдар": Қайрат Құдайберген той жасап, шетелге демалуға кеткендерге шүйлікті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус жұқтырып, ауруханада ем алып жатқан Қайрат Құдайберген пандемияға немқұрайлы қарап жүрген отандастарына шүйлікті. Ол карантин талаптарын бұзып, ұлан-ғасыр той жасап жатқандарды және әлемдегі жағдайға куә бола тұра шетелге демалысқа кеткен адамдарды аяусыз сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergen_kairat. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kudaibergen_kairat. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қауіпті індетті өз басынан өткізіп жатқан Қайрат Құдайберген барша қазақстандықтарды сақтанып жүруге шақырды. Бизнесмен коронавирусты шынайы қабылдамай жүргендерге қатысты наразылығын білдіріп, оларды жазалау жөнінде сауалнама жасады.

Кәсіпкер пандемия ушығып жатқанда шетелге демалуға шығып жатқан отандастарының әрекетін сынап тастады. Ол бұл мүлдем орынсыз қабылданған шешім екенін басып айтты.

"Құрметті қазақ елі! Қазір індеттің салдарын өзіңіз көріп отырсыздар! Адамдар жаппай ауырып қайтыс болып жатыр. Емханаларда орын жоқ. Дәріханаларда дәрі жоқ! Осының бәрін көре тұра, жасырын той жасап, беташарлар өткізіп, адамдарды асқа шақырып жүрген халайыққа "Доғарыңдар!" дегім келеді. Бұл қаншалықты опасыз екендігін тек жақындарыңыз ауырғанда (Аллах сақтасын!) ғана сезінесіз, бірақ онда кеш болар!

Тағы бір адамдардың түрі бұл басқа елге демалуға аттанған адамдар. Дәл қазір мә, соның керегі? Бүгін барлық каналдардан Түркия мемлекетіне демалуға кеткен 4 қазақстандық коронавируспен ауырғынын анықтады. Оларды емханаға әкетті, қалғандарды карантинге тықты. Бұндай демалыстың не керегі бар?

Тағы да оқыңыздар

Сұлтанқызы: Отбасымен вирус жұқтырған туысым "ауруханада орын жоқ" деп зар жылады

Ал қазір осы азаматтарымыз үкіметтен "бізді алып кетіңдер, ұшақ жіберіңдер, бізді құтқарыңдар" деп шығады. Сонда неге мемлекет шығын шығарып ондай адамдарды құтқару керек? Бұл туралы не ойлайсыздар? Той жасаған адамдарды жазалау керек пе?" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Доғарыңдар": Қайрат Құдайберген той жасап, шетелге демалуға кеткендерге шүйлікті